Қытай бизнесмендері Ақмолада өндірілетін суға қызығушылық танытып отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қытай бизнесмендері Ақмола өңірінде өндірілетін минералды суға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы  Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңірдің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жылғы міндеттері туралы тұрғындар алдында өткен есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындауда ауыл шаруашылығы және дайын өнімі экспорты,  сондай-ақ, Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бойынша  Ақмола облысына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғандығын атап өтті.

«Біз жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін шығаратын өңір ретінде облыстың мәртебесін арттыруымыз керек. Бүгінгі таңда бренд өнімдеріне ішкі нарықта ғана емес, сыртта да сұраныс жоғары кәсіпорындар бар. Жалпы, облыста ет, сүт, жұмыртқа, өсімдік майын, балмұздақ және ұн өнімдерін өңірлік брендпен саудаға 80 экспорттаушы компания бар.
null 

Менің  жұмыс сапарым барысында қытай бизнесмендері «Көкшетау минералды сулары» АҚ өнімдеріне қызығушылық танытып, өз елдерінің Гонконг және Гуандун оңтүстік провинциясында сауда-саттық бойынша әріптес болуға ниет танытты», - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 11 айында Ақмола облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 800,5 миллион АҚШ долларын құрады, экспорт - 295,2 миллион АҚШ доллар, 31,7 пайыздан астамы, яғни 93,6 миллион АҚШ доллары өңделген тауарлар экспортына келеді.

Экспорттың басты бағыттары - Ресей Федерациясы және басқа да таяу шетелдер.

Бидай экспорты көлемі 4,3 пайызға, арпа 82,7 пайызға, подшипниктер 46,5 пайызға өсті. Облыстың дәстүрлі экспорт өнімдері қатарын құраушы өсімдік өнімдері болып табылады - күнбағыс тұқымының экспорты 2,1 есеге өсті, рапстың тұқымы - 1,3 есеге.

Ақмола облысы кәсіпорындарының азық-түлік өнімдерін тарату мақсатында, Ресей Федерациясының шекаралас орналасқан өңірлерінің дүкендер жүйесінде оларды сату мәселесі қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар