Қытай айлағынан 100-інші әуе кемесі ұшырылды
«Чанчжэн-11» зымыран-тасығыштың көмегімен белгіленген орбитаға «Цзилинь-1» спутниктік жобасы аясында 07 және 08 видеотүсірілім үшін екі спутник сәтті ұшырылды.
Цзюцюань ғарыш ұшырылым орталығының іргесі 1958 жылы қазанда қаланған. Ол ҚХР-да алғаш салынған кешенді ғарыш айлағы және басқарылатын әуе кемелеріне арналған жалғыз алаң.
Орталықтың директоры Чжан Чжифэньнің айтуынша, 1970 жылдан бастап ғарыш айлағынан «Шэньчжоу» үлгісіндегі 11 ғарыш кемесі, 1 мақсаттық КЛА, 1 ғарыш зертханасы және 131 спутник ұшырылған. Цзюцюань ғарыш айлағының старттық алаңынан Қытайдың ғарышкерлік тарихындағы 20-дан астам маңызды ұшырылым жасалған. Оның ішінде Жердің алғашқы жасанды серігі, қашықтан басқарылатын алғашқы зымыран-тасығыш және т.б. бар.
Белгілі болғандай, биыл аталмыш орталық 20-дан астам ғарыштық серіктерді ұшырмақшы.