Қытай Астана процесі Сирия проблемасын шешуге тың серпін береді деп үміттенеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық биліктің оппозициясымен Астанада өтетін келіссөздері Сирия бойынша женевалық бейбіт келіссөздердің тиімді қосымшасы болады. Қытай бұл сұхбаттастық оң нәтиже береді және Женевадағы келіссөздер үшін жақсы негіз қалыптастырады деп санайды. Бұл жайында ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньин кезекті баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі Садық Акижанов.

«Қытай тарапы Сириядағы дағдарысты реттеудің жалғыз шынайы жолы саяси және дипломатиялық әдіс деп санайды. Соңғы уақытта сириялық мәселені саяси тұрғыда шешуді ынталандыру бойынша халықаралық қоғамдастық күш-жігерінің қарқын ала бастағандығы байқалады. Таяуда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі №2336 қарарын қабылдады. Онда Сирия аумағындағы соғысты тоқтату бойынша мүдделі елдердің күш-жігеріне қолдау және барлық сириялық тараптар арасында бейбіт келіссөздерге жәрдемдесу қажеттігі көрсетілген», - деді ол.

Хуа Чуньиннің атап өтуінше, Қытай сириялық мәселені саяси реттеуге септігін тигізетіні барлық ұсыныстар мен әдістерге ұтымды тәсілдемелерді қолдайды.

«Қытай Астанадағы алдағы кездесуде Сириядағы саяси процесті ілгерілетуге қол жеткізілетіндігіне үміт артады», - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, Қытай Сирия бойынша Женева бейбіт келіссөздерін қолдайды және Сириядағы ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа тез арада қол жеткізуді қамтамасыз етуге өз септігін тигізуге дайын

Соңғы жаңалықтар