Қытай археологтары 2000 жыл сақталған ішімдігі бар құманды тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қытайда археологтар Цинь әулеті кезеңіндегі қорымда қазба жұмыстарын жүргізу барысында ішінде алкогольді ішімдігі бар құманды қазып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шэньси провинциясында табылған жәдігердің 2000 жылдық тарихы бар. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 221-207 жылдарға тиесілі. Жерлеу рәсіміне арналған құманмен бірге қорымнан тағы 260 зат табылған.

Археологтардың айтуынша, табиғи заттармен орап салынған құманның ішінен шамамен 300 мл жуық алкогольді сусын шыққан.



Аталған сұйықтық мөлдір және ақшылтым түске ие. Зерттеушілер бұл ішімдіктің құрамынан глутамин қышқылы кездескендіктен, оның қарапайым ашыту жолымен жасалғанын алға тартып отыр.

Қорымнан сонымен қатар, ұзындығы 60 см болатын қоладан соғылған қылыш және тасбақа сауытынан жасалған іш қуысына арналған қалқан табылды.

Соңғы жаңалықтар