Қытай 2,5 мыңнан астам қашқын жемқорды шетелден қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚХР билігі 90 елде жасырынған 2566 қашқын жемқорды шетелден қайтарды. Сондай-ақ, олардың жымқырған 8,6 млрд юанын ($1,25 млрд) қайтарып алды. 

Бұл туралы ТАСС China Daily газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым атап өткендей, 1283 адам кінәларын мойындап, Қытайға өз еркімен қайтып келген. 410 қашқын бұрын Қытай коммунистік партиясының мүшесі болып, түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған.

Қашқын отандастарды іздеу және қайтару орталық жұмыс тобының мәлімдемесінде аталып өтілгендей, ұйымдастырылған бұл науқан «шенеуніктердің шетелге қашуын тоқтатуға септігін тигізген». Егер 2014 жылы шетелге 101 мемлекеттік қызметші қашып кетпекші болса, өткен жылы олардың саны 19-ға азайған.

Одан бөлек, Қытай билігі белсенді іздеудегі 100 жемқордың 39-ын елге қайтарды.  

Соңғы жаңалықтар