Қысқы Универсиадаға қатысуға 6 мыңнан астам ерікті өтінім берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 Универсиадаға еріктілерден 6 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгінде Универсиада сайтына алыс және жақын шетелден, Қазақстаннан 6185 өтініш тіркелді, бұл сұраныстан екі есеге асып түседі», - бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы олимпиадаға дайындық бойынша өткен көшпелі мәжіліс барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматының 15 ЖОО-мен еріктілер жинап, оқыту бағдарламасы әзірленді. Еріктілерді іріктеу кезінде басымдық ірі спорт шараларында еріктілік  тәжірибесі бар, ағылшын және басқа да тілдерді білетін үміткерлерге басымдық беріледі. Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша дирекция ақпаратына сәйкес студенттер жарысында Ресей, АҚШ, Германия, Беларусь, Польша, Корея, Қытай, Ұлыбритания сияқты елдерден еріктілер қызығушылық  танытуда. Бұдан басқа, жастар арасында Универсиада елшілері ретінде қоғамдық пікір көшбасшылары тартылуда.

Бүгінде Универсиада елшідері:  жүзгіш Дмитрий Баландин, боксшы - Қанат Ислам, Дариға Шәкімова, әртістер - Қыдырәлі Болман, Жанар Айжанова, Әли Оқапов, Нұртас Адамбаев, Мұрат Мұтұрғанов, Артур Төлепов, белгілі байкер Дмитрий Петрухин.

Еске салсақ, Универсиада 2017 жылы 29 қаңтар-8 ақпан аралығында өтеді. 11 күн ішінде 86 медаль ұтысымен спорттың 12 түрінен жарыс өтеді. Ойынға 8 спорт нысаны жұмылдырылды: «Алматы Арена», «Халық Арена», «Шымбұлақ», «Медеу»,  «Сұңқар» трамплині,   Б.Шолақ атындағы спорт сарайы,    «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және «Табаған» кешені,   Атлетикалық  ауыл - тұруға арналған.  

 

Соңғы жаңалықтар