Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиадаға баратын спортшыларымыз допингтен таза - Мұсайбеков

2017 жылғы 7 желтоқсан 15:34 893
Поделиться:
Қысқы Олимпиадаға баратын спортшыларымыз допингтен таза - Мұсайбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчханда өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына баратын қазақстандық спортшылар допингтен таза. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тақырыптас жаңалықтар
Мұсайбеков жарақатпен Олимпиадаға жолдама алған Жұмағазиевті өзгелерге үлгі етті Пхенчхан Олимпиадасына 50-ге жуық жолдама алуды жоспарлаудамыз - Мұсайбеков

«1992 жылы Қазақстан бірауыздан, ескертпесіз Халықаралық Олимпиада комитетінің хартиясына қабылданды. Аталған хартияға сәйкес Олимпиада комитетінің  барлық ережелерін орындап келеміз. Сонымен қатар 2009 жылы Антидопингтік конвенция қабылданып, еліміздің Парламенті ратификациялады. Конвенцияға сәйкес біз допингпен күресуге тиіспіз. Жалпы, Қазақстан допингке қарсы мемлекет. Біздің басты мақсатымыз - таза спорт. Біз тек қана таза  спортты қолдаймыз. Біз тек қана таза спорт туралы ойлаймыз»,-  деді Мұсайбеков.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан спортшылары бірнеше мәрте допинг сынамасын тапсырып, ол Германияның  Дрезден қаласындағы зертханада бірнеше рет тексеруден өткен.

«Осы сынамалардың  нәтижесі жақсы, спортшылармыз таза. Соған қарамастан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті мен Мәдениет және спорт министрінің тапсырмасына сәйкес жолдама алған спортшылармыз Олимпиадаға дейін  тағы да допинг сынамаларын тапсырады. Біздің спортшыларымызға Олимпиадаға жол ашық. Ешқандай кедергі жоқ. Олимпиадаға тек қана таза спортшылар барады», - деді вице-министр.

 

 


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат