Қысқы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатындары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қысқы Олимпиадада чемпион атанған спортыш 250 мың, күміс медаль жеңіп алған спортшы 150 мың, ал қола медальға қол жеткізген спортшы 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға ие болады. Бұл туралы бүгін Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан AIBA академиясында Олимпиадаға қатысушыларды шығарып салуға арналған арнайы баспасөз мәслихаты аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов журналистерген берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ, Олимпиадада 4-орын алған спортшы - 30 мың, 5-орын - 10 мың, 6-орын алса 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болатынын да атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар