Қысқы Олимпиада: Жарысқа билеттерді алыпсатарлықпен сату байқалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті жарыстарға сатылатын билеттер маңайындағы алыпсатарлық әрекеттер туралы ақпаратты тексереді. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Пэк Ю хабарлады, деп жазады ТАСС.

«Мәнерлеп сырғанудың барлық билеті сатылып кеткен. Қазір ол жерде не болып жатқанын білмеймін, бірақ тұтас топтардың жарысқа келмей қалу жағдайы орын алды. Бұл -  билеттер спекуляциясы. Мәселені шешуіміз керек. Біз нысандарды тексереміз»,-деді Сон Пэк Ю.

Олимпиада ойындары 25 ақпанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар