Қыс кезіндегі жалынды танго

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 желтоқсан күні елордадағы «Астана Опера» театрында «Қысқы махаббат сезімі» атты концерт кеші өтеді.

Кеште «Астана Опера» театры Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, халықаралық байқаулардың лауреаттары, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры сыйлығының лауреаттары - Ермек Құрманаев (виолончель) және Гауһар Тасбергенова(фортеапиано), халықаралық байқаулардың лауреаты, театрдың Симфониялық оркестрінің музыканты Александр Тараскин(флейта) тыңдарманды өз өнерімен қуантатын болады.

Концерт бағдарламасында - С. Рахманиновтың №1 соль минор «Элегиялық үштігі». Атақты композитордың ерте кезеңдегі шығармашылығына жататын бұл туынды, мазмұны жағынан ерекше мәнерлілік, шынайылық пен еркіндікті сипаттайды. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы флейта репертуарынан орындалатын жарқын туындылар: Ф. Пуленктың флейта мен фортепианоға арналған сонатасы, Ж. Массненің «Таис» операсынан «Ой-толғауы», көрнекті балерина М. Плисецкаяға арналған Р. Щедриннің «Альбениске еліктеу» пьесасы, сондай-ақ Д. Шостаковичтің виолончельге арналған сонатасынан тапқыр скерцосы бар.  

Жалынды танго - аргентиналық музыканың жүрегі. Көпшілікке А. Пьяццолланың танымал "Обливион" және "Либертанго" композициялары паш етіледі. Танымал би «тангоның ұлы жаңартушысының» шығармашылығында биік өнер деңгейіне көтерілді. Опустар орындаушылардың өзіндік ерекше өңдеуінде ұсынылмақ.

Концертті жүргізетін - «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова.

Концерт Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Басталуы 19:00-де, билет бағасы - 2000 теңге. 

Соңғы жаңалықтар