Қырғызстанның оңтүстігінде лай көшкіні жүрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзген ауданында лай көшкіні 6 үйді басып қалды. Бұл туралы Қырғызстан ТЖМ хабарлайды, деп жазды turmush.kg .

Мекеме деректеріне сәйкес, 29 сәуір күні шамамен 07:20-да Зергер ауылдық округінің Аю ауылы маңында жалпы көлемі шамамен 1 млн текше метр болатын лай көшкіні жүрді. Лай массалары тұрғын үйлерді басып қалды. Оқиға орнына 33 адамнан құралған құтқару тобы және азаматтық қорғау бойынша комиссия мүшелері шықты.  

Құтқару жұмыстары Төтенше жағдай министрінің орынбасары Равшан Рысбаевтың жетекшілігімен жүргізіледі. ТЖМ нақтылаған деректер бойынша, лай көшкіні астына 24 адам қалған. Ондағы үй иелеріне ТЖМ наурыз айында лай көшкіні туралы ескертіп, қауіпсіз орынға көшу қажеттігін хабарлаған. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың тапсырмасымен Үзген ауданындағы лай көшкіні орнына Қырғызстан Төтенше жағдай министрі Кубатбек Боронов барды. Қырғызстан басшысы қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар