Қырғызстанның «Кабар» ақпарат агенттігі 80 жылдығын атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі 80 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мерекелік шарасын Қырғызстанға танымал тележүргізуші және қоғам қайраткері Ассоль Молдокматова ашты, деп жазады «Кабар» сайты .

«Журналистің еңбегі көзге байқалмауы да мүмкін, бірақ ол сонысымен маңызды. Менің әкем еліміздегі ең ардагер журналистердің бірі. Ол «Труд», «Известие», «Правда» газеттерінде Қырғыз КСР-ының бет-бейнесі болды. Сонау 70-ші жылдары «КирТАГ» телетайпы арқылы мақалаларын жіберіп жататын, сондықтан «Кабар» мені сүйікті әкеме деген ерекше естеліктермен байланыстырады», - деді тележүргізуші.

Ол сонымен қатар, «Кабар» агенттігінің 80 жыл уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жеткенін, оған дәлел - БАҚ-тың алты тілде ақпарат таратып, тележобаларын өз платформасында шығарып, жаңа көкжиектерге қол созуы екендігін де атап өтті.

Еске сала кетсек, «Кабар» елдегі ең тарихы терең ақпараттық агенттік. Ол 1937 жылы іске қосылған КирТАГ негізінде құрылды. 1988 жылы агенттіктің орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат тарататып, жаңалықтары қырғыз тіліне аударылатын сайты ашылды. 2001 жылдан бастап, таспадағы Қырғыз тілі толыққанды жұмысқа кірісті. 2008 жылдан бастап агенттік түрік тілінде де жаңалықтар таратады.

Соңғы жаңалықтар