Қырғызстаннан Ресейге бет алған автобус жолаушылары Теміртауда эвакуацияланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау құтқарушылары қатты аязға қарамастан  жолға шыққан рейстік автобустағы 80 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алматы-Екатеринбург тасжолында 80 адам, соның ішінде 3 бала мен 7 әйел эвакуацияланды. Олар Теміртау политехникалық колледжінің жатақханасына орналастырылды, полиция мен дәрігерлер кезекшілік етуде. Адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Теміртау ТЖ басқармасының басшысы Арман Алпысбаев.

Құтқарушылар түнгі сағат бірде Алматы-Екатеринбург тасжолының бойында Бішкек-Тюмень бағытындағы Setra автобусын байқап қалған. ТЖ басқармасының қызметкерлері жүргізушіге жол жүруге тыйым салып, көлікті Теміртауға алып барған. 40 адам, соның ішінде 9 әйел мен 2 бала бар жолаушылар университеттің жатақханасына орналастырылды. Оларды дәрігерлер тексерген.

Сондай-ақ, 23 қаңтарда түнгі сағат 2-де Теміртаудағы ішкі істер министрлігінің оқу орталығына Сарыағаштан Петропавлға бет алған автобустың 47 жолаушысы жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар