Қырғызстаннан əкелінген сапасыз зергерлік бұйымдар саудасының жолы кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында экономикалық тергеу қызметі Қырғызстаннан әкелінген сапасыз зергерлік бұйымдар саудасының жолы кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің экономикалық тергеу қызметінің материалы бойынша 2017 жылдың 8 қарашасында Шымкент қаласында тексерілмеген және таңбаланбаған зергерлік бұйымдарды өткізбек болған қырғыз сатушыларына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу қорытындысына сәйкес, оларға 500 мың теңгеден аса сомадағы айыппұл салынды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда «Бағалы металлдар мен бағалы тастар» туралы заң күшіне енген. Содан бері Комитет тұрақты түрде республиканың барлық кәсіпкерлеріне зергерлік бұйымдар туралы заң бойынша, оны бұзу жағдайында қандай жаза қолданылатынына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан аумағында сараптамалық қорытындысы, қазақстандық таңбасы мен мемлекеттік бақылаудан өткені туралы бақылау құжаты жоқ зергерлік бұйымдарды өткізуге тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар