Қырғызстандағы президент сайлауында теракт жасамақ болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда ІІМ және МҰҚК қызметкерлері халықаралық террористік ұйымның мүшелері дайындаған лаңкестіктің алдын алды. 

Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар.  

Құқық қорғау органдары тыйым салынған экстремистік ұйымдардың мүшесі саналатын белгісіз адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерді ойластырып жатқаны туралы ақпарат алған. Күдікті тұлғалар Қырғызстан президентінің сайлауын өткізу және дайындық кезінде терраристік акті жасау арқылы республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды күрделендірмек болған.

Қырғызстан ІІМ және МҰҚК қызметкерлері сот санкциясының негізінде бірлескен жедел-тергеу іс-шараларын өткізген. Шу облысы Тоқмақ қаласының бірнеше тұрғынының үйінде тінту жұмыстары жүргізіліп, көп көлемдегі экстремистік бағыттағы түрлі әдебиеттер табылған. Сондай-ақ, заңсыз жарылғыш заттарды сақтау факті анықталды.

Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған үш күдіктіні қолға түісірді. Ұсталғандардың арасында бұрын адам өлтіргені үшін сотталған 1987 жылғы К.С., 1985 жылғы Тоқмақ тұрғыны мен 1977 жылғы Тоқмақ тұрғыны И.Б. бар. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар