Қырғызстандағы қазақ диаспорасы Назарбаевтың Жолдауына пікір білдірді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - БАҚ-та қызу талқыға түскен Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына шетелдік сарапшылар, соның ішінде шетелде тұратын қандастарымыз да пікір білдіруде. 

Танымал қырғыз қоғамының қайраткері, «Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығы» саяси кеңесінің мүшесі, запастағы генерал-майор Малик Жұмағұлов «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бішкектегі меншікті тілшісіне берген сұхбатында өз пікірімен бөлісті.

«Өзімнің тарихи отанымдағы жаңалықтарды әрдайым назардан тыс қалдырмаймын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауымен жіті таныстым. Бұл жаһандық экономика және саяси үдерістер мен болжамдарды сараптаудың негізінде дайындалған, уақтылы шыққан маңызды құжат екендігін атап өткім келеді», - деді генерал.

Генерал Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістігін тілге тиек ете отырып, «Қазақстанның үшінші жаңғыртылымы» бағдарламасының - Н.Назарбаевтың озық жұмыс жасап жатқандығының айғағы екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар