Қырғызстандағы генерал тізгіндеген көлік жол апатына ұрынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Бішкек-Торугарт тас жолының 40-шақырымында айналма жолда көлік апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kg .

Патрульдік милицияның мәліметтеріне сүйенсек, жолда екі көлік - «Тойота Ленд Крузер» және «Мазда» соқтығысқан. «Маздадағы» екі адам қаза болған. Тағы да бес адам зардап шеккен. Біреуінің жағдайы ауыр деп хабарлануда.

«Тойота Ленд Крузерді» басқарып келе жатқан Ұлттық гвардияның бұрынғы қолбасшысы, генерал-полковник Әбдіғұл Шотбаев ауруханаға жеткізілген.

Патрульдік милицияның бастапқы мәліметтері бойынша, жол-көлік оқиғасына себепші «Мазда» болған, ол жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Қазір жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар