Қырғызстанда зейнетақы өседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 2017 жылғы 1 қазаннан бастап зейнетақы көлемі артады, деп хабарлады Kabar Қырғызстан үкіметінің аппаратына сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков Үкіметтің зейнетақыға қатысты бірқатар қаулыларына қол қойды.

Қырғыз Республикасы Әлеуметтік қор төрағасы Теңізбек Әбжапаровтың айтуынша, 2017 жылғы 1 қазаннан бастап республика бойынша орташа зейнетақы мөлшері 516 сомға артып, 5 517 сомды құрайтын болады.

Өсіру тетігі мына үлгіде жүзеге асырылады: - 2017 жылғы 1 қазаннан бастап зейнетақының базалық бөлігі 1 780 сом болып белгіленіп, өсім 280 сомды құрайды; - зейнетақының сақтандыру бөлігі 240 сомнан кем емес 1,05 мөлшерінде коэффициентке индекстеледі.

Индекстеу коэффициенті инфляция өсімін, өткен жылғы жалақы өсімін ескеріп есептелді. Бұл ретте 2016 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығы кезеңіне тағайындалған зейнетақы үшін 2015 жылғы зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес - 4 637 сом көлемінде, 2017 жылы тағайындалған зейнетақы үшін 2016 жылғы зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес - 4 304 сом көлемінде белгіленді.

Соңғы жаңалықтар