Қырғызстанда ҰҚШҰ лаңкестікке қарсы оқулар өтеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан қарулы күштерінің «Эдельвейс» оқу орталығында 4-7 қазанда ҰҚШҰ Орталық-Азия өңірінің жедел әрекет ету ұжымымен әскери контингенттермен«Рубеж-2016» бірлескен тактикалық оқулар өткізу жоспарланған. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу-жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің қарулы күштерінің әскери қызметкерлері, сонымен қатар Қырғызстанның ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерінің арнайы мақсаттағы күш құрылымдары қатысады.

Барлығы 1000 астам әскери, жүздеген автомобиль мен бронетанк техникасы тартылды, сонымен қатар әскери, жедел-таактикалық және әскери-көліктік авиация қолданылады. 

Соңғы жаңалықтар