Қырғызстанда түлектердің 55 пайызы ғана республикалық тестілеуден шекті балл жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Жалпы республикалық тестілеу (ЖРТ) қатысушыларының 55 пайызы ғана жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті балды жинай алды, деп хабарлайды 24.kg .

ЖРТ-ға барлығы 47 мың 523 түлек қатысқан. Оның ішінде, Білім беру әдістерін бағалау оралығының деректеріне сәйкес 26,1 мың түлек 110 және одан жоғары балл жинаған. Бұл 2016 жылға қарағанда жоғары.  521 түлек 200-ден астам балл алды.

«Орталықта 23-24 маусымда соңғы тест өтті, нәтижесі әзірге ескерілген жоқ. Сондықтан статистика өзгереді», - делінген хабарламада.

Қырғызстанда 2012 жылдан бастап ЖРТ тапсыру ЖОО-ға түсу кезінде  (меншік нысанынан тыс) барлық бөлімшеге міндетті саналады.

Соңғы жаңалықтар