Қырғызстанда ШЫҰ саммитін өткізу кезінде тұрғындардан қару-жарақтар уақытша алынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның ІІМ ШЫҰ саммитін өткізу кезінде халықтан оқдәрімен атылатын қару-жарақтарын жинайды, деп хабарлайды «ҚазАқпараттың» Бішкектегі меншікті тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған шара 30 қазан мен 8 қараша аралығында жүзеге асады, одан кейін заңды  иелеріне қайтарылады. Министрлік қаруды алу «Мемлекеттік күзет қызметі» туралы заңға сәйкес жүзеге асатынын айтты. Сонымен қатар, өзге де ендірілетін шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды.

2016 жылдың 2-3 қараша күндері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің  мемлекет басшылары қатысатын кезекті отырысы өтеді. Мұнда ұйымға мүше елдердің арасындағы ынтамақтастықты кеңейту туралы маңызды сұрақтар талқыланады. 

Соңғы жаңалықтар