Қырғызстанда сайлауалды тыныштық күні орнады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғыз Республикасы аумағында «тыныштық күні» деп жарияланды. Яғни, тіркелген БАҚ және үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейді.

«Тыныштық күні» Қырғыз Республикасының «Қырғыз Республикасының Президентін және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің депутаттарын сайлау туралы» конституциялық Заңының 23-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етіледі.

Сайлауға қатысушылар тарапынан «тыныштық күнінің» талаптарын бұзғандар болса Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы оларға қарсы шара қолданады.

Айта кетерлігі, дауыс беру республика бойынша ертең таңертеңгі сағат 8-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Президент сайлауына 10 үміткер қатысып жатыр.

Фото: kyrgyzembassy.my

Соңғы жаңалықтар