Қырғызстанда президент сайлауы басталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең сағат 8-де Қырғызстанда президент сайлауы басталды, сайлау учаскелері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комисссиясына сілтеме жасап.

Елдің мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, Қырғызстан президенті сайлауына 3 миллион 25 мың 768 дауыс беруші қатыса алады.

Айта кетерлігі, бюллетеньдерде 13 үміткер көрсетілген, алайда Бақыт Торобаев пен Камчыбек Ташиев сайлауға қатысуға бас тартқандығына байланысты олардың деректері өшірілген және оларға дауыс берілмейді.

Бұл елдегі мемлекет басшысын таңдау үшін өткізілген жетінші сайлау. 

Сайлау учаскелері бүгін сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Фото: kyrgyzembassy.my

Соңғы жаңалықтар