Қырғызстанда премьер-министрдің қызметін атқарушы тағайындалды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев «ҚР Премьер-министрінің қызметін атқарушы» туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан президент аппаратының саяси ақпарат бөліміне сілтеме бере отырып «Кабар» хабарлайды.

Жарлыққа сәйкес, Жээнбек Сооронбай Шариповичтің берген арызына байланысты және «Қырғыз Республикасының Басшылығы туралы» ҚР Конституциялық Заңының 3-бабы 5-бөлігінің 19-20 тармағына сәйкес бекітіледі:

1.      Жээнбек Сооронбай Шарипович өзі берген арызға сәйкес Қырғыз Республикасының Премьер-министрі қызметінен босатылсын,

2.      ҚР премьер-министрдің қызметін атқаруды басшылықтың жаңа құрамы жасақталғанша бірінші вице-премьер-министр Абулгазиев Мухамметкалы Дюшекеевичке жүктеу. Жарлық қол қойған сәттен бастап өз күшіне енеді. 

Соңғы жаңалықтар