Қырғызстанда ине жұтқан 2 жасар бала құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ош қаласында ине жұтып қойған бала құтқарылды. Бұл туралы Turmush хабарлады.

Ош облысаралық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Жарғал Қадыров 22 шілдеде Бәткен облысының Қызылқия қаласының тұрғыны - 1 жас 7 айлық бала  ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Бала ине жұтып қойғаны анықталды. Гастроскоптың көмегімен дәрігерлер баланың асқазанынан инені алып шықты. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Отаға бөлім меңгерушісі Қылышбек Сұлаймановтың жәрдемімен дәрігер-хирургтер қатысты.

Кей деректерге сәйкес бала ойнап отырып, ине жұтып қойған.

Соңғы жаңалықтар