Қырғызстанда екі кенші үйінді астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы «Жырғалаң» шахтасында екі кенші үйінді астында қалды, апат кеше 17.30 шамасында орын алған. Бұл туралы 24.kg елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ыстықкөлдегі үкіметтің уәкілетті өкілінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жырғалаң-Доргокомур» компаниясы жұмыс жасайтын көмір кен орнында апат болған. Бастапқы мәлімет бойынша, оқыс оқиғаға қауіпсіздік талаптарын орындамау себепші болған.

Өңірде Қайрат Нұрбеков пен Азамат Тойматовты құтқару бойынша тиісті құрылымдардан, аппарат өкілдері ішінен жедел штаб құрылды.

Құтқару операциясына жергілікті тұрғындар да, тиісті құрылым өкілдері де жұмылдырылды, ұңғымадан су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар