Қырғызстанда болған жарылыстан кейін барлық газ құю бекеттері тексеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков Ыстықкөл облысы Ананьево ауылындағы газ құю бекетінде болған жарылыс бойынша ІІМ басшылығына қайғылы оқиғаның себебі мен ахуалын жіті тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Кабар үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ басшылығына болған жарылыс фактісін зерделеу тапсырылды. Қырғызстан Республикасының Үкіметі жанындағы экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияға барлық газ құю станцияларының қауіпсіздік талаптарына сай екендігін жедел тексеруге тиісті нұсқау берілді.

Денсаулық сақтау органдарына жарылыстан зардап шеккен адамдарға барлық қажетті медициналық көмек көрсету тапсырылды.

Тергеу барысы Қырғызстан Республикасының премьер-министрінің жеке бақылауында. 

Соңғы жаңалықтар