Қырғызстан тарапынан фитосанитария талаптарын бұзу фактілері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда карантин қойылған тауарларды Қырғызстаннан елімізге тасымалдау фактілерін бақылау күшейтілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл облысында карантиндік өнімдердің қозғалысын бақылаушы 4 жедел топ құрылған, онда барлығы карантиндік өсімдіктер саласы бойынша 30 инспектор қызмет етуде.

Фитосанитариялық талаптар күшейтілгелі бері 8124,534 тонна тауары бар 736 жүк көлігі тексеріліп, өсімдік карантині талаптарын бұзудың 121 фактісі, фитосанитариялық талаптарды бұзудың 74 фактісі анықталды. Олардың 8-і бойынша 295 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 115 факті бойынша тауар Қырғызстанға қайтарылған.

4 қараша күні барлығы 3 заң бұзу әрекеті тіркелді.

Соңғы жаңалықтар