Қырғызстан шекарасында теракт ұйымдастырмақшы болған топ ұсталды

None
None
АСТАНА. Қаз Ақпарат - Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыру үшін мемлекеттік шекара аумағында бірнеше теракт ұйымдастыруды жоспарлаған халықаралық террористік ұйым мүшелерінен құралған топты ұстады, деп хабарлайды trend.az Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұсталған халықаралық террористік ұйым мүшелерінің қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыру үшін мемлекеттік шекара аумағында қолдан жасалған жарылғыш құралдарды және атыс қаруын қолдану арқылы бірнеше теракт ұйымдастыруды жоспарлағаны анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау оқшаулағышына террористік топтың төрт мүшесі қамалды», - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. 

Соңғы жаңалықтар