Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Қырғызстан президенттігіне үміткер сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

Қырғызстан президенттігіне үміткер сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді
2017 жылғы 13 қазан 12:05 673

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Әзімбек Бекназаров кеше кешке болған телевизиялық пікірталас кезінде президент лауазымына таласудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Финалға жақын қалғанда үміткерлердің бағдарламалары, идеялары, платформасы емес, олардың ақшалары ғана мәнге ие болып қалды. Сондықтан мен сайлауға қатыспаймын деп шештім», - деді саясаткер.

Алайда, орталық сайлау комиссиясы Бекназаровты тізімнен алып тастай алмайды. Себебі ол ОСК-ға сайлауға қатыспау туралы өтінішті үш күн қалғанда, бейсенбі күні беру керек болған. Бірақ, Әзімбек Бекназаровтан ондай өтініш түспеген. Сондықтан үміткердің тегі бюллетендерден алынып тасталмайды, заңнамалық тұрғыда ол президент лауазымына үміткер болып қала бермек. Осылайша, Қырғызстан президенті сайлауына қатысуға дайын 10 үміткер қалды. Дауыс беру 2017 жылдың 15 қазанына белгіленген. 

Басты сөздер: Қырғызстан, Сайлау,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер