Қырғызстан конституциясының түпнұсқасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2010 жылдың жазындағы референдумнан кейін Қырғызстан конституциясының түпнұсқасы үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды. Бұл туралы республика президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Ниязовтың сөзіне қарағанда, елде конституцияның екі жобасы болған. Алғашқысын Уақытша үкімет бекіткен. Оған 2010 жылы 19 мамырда референдумда өзгеріс енгізілді және ол «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды. Екінші құжатты да Уақытша үкімет бекіткен. Ол 2010 жылы 26 мамырда аталған газетте жарияланды. Референдумнан кейін жарияланғаны бар, ал ол ресми жарияланған соң заңды күшіне енгендіктен, конституцияның түпнұсқа мәтіні «Эркин-Тоо» газетінде деп саналады.

Президент аппаратының басшысы атап өткендей, 2010 жылы конституцияның қабылданған мәтініне (әр бетіне) құрастырушылардың бірі, Уақытша үкімет хатшылығының өкілі қол қоюы тиіс еді. Алайда қол қойылмаған.  

«Сондықтан түпнұсқа бар, алайда газет түрінде, ел осы алты жыл сол құжат бойынша өмір сүріп келеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 19 қазанда  Жогорку Кенеш отырысында Қырғызстан конституциясының түпнұсқасы қайда екенін ешкім білмейтіні мәлім болды.

Кейін «Ата Мекен» фракциясының депутаты Алмамбет Шыкмаматов осы дауға байланысты биліктің барлық тармақтарының: президент, парламент, үкіметтің заңдылығы мәселесін көтерді.  

Соңғы жаңалықтар