Қырғызстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдум 4 желтоқсанда өткізіледі

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Жогорку Кенеш 4 желтоқсан күні «Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» заңы бойынша референдум өткізу туралы заң жобасын бекітті. Бұл туралы ҚР Жогорку Кенеш сайтында хабарланды.

«Заң жобасына сәйкес, егемендік иесі және мемлекеттік биліктің басты көзі болып саналатын Қырғызстан халқының талап-тілегін анықтау үшін парламент 2016 жылдың 4 желтоқсанына тұтас Қырғызстан аумағына референдум тағайындауы қажет», - делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасы орталық сайлау комиссиясы да референдумға дайындық жайлы пікір білдірді. Референдум мен жергілікті кеңеске сайлау 4 желтоқсанда өтеді. Референдум өткізуге 67 миллион 40 мың сом жұмсалады.

Айта кетейік, Қырғызстанның негізгі заңындағы өзгертулер парламент пен премьер-министр өкілеттіктерін нығайтуды қарастырады. Референдум өткізу елдегі бес парламенттік фракция көшбасшыларының бастамасымен көтерілді. Кейінірек оларды президент Алмазбек Атамбаев қолдады.

Соңғы жаңалықтар