Қырғызстан Катарға бірлескен IT-академия ашуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева Катар университеттерімен бірлескен ІТ-академия ашу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды «Kabar».

Қырғызстан мен Катар екі ел арасындағы Университеттердің ынтымақтастығын дамытпақ. Мәселені Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева мен Катардың Білім министрі Халид Аль-Али бірлесе талқылады.

«Екі елде бірлесе жұмыс атқаратын университеттер көп. ЖОО-лар арасындағы келісім шарттар жасасуға көмектесіп, ынтымақтастық жұмыстарына қолдау көрсетуіміз қажет. Біз, сонымен қатар, ғылыми зерттеу саласында да әріптестік орната аламыз», - деді Халид Аль-Али.

Гүлмира Құдайбердиева «Таза Коом» бағдарламасының аясында министрліктің қызметі туралы әңгімелеп, бірлескен АТ академиясын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар