Қырғызстан қар барысын аулайтындарға айыппұл көлемін ұлғайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда қар барысын аулау мен ұстағаны үшін салынатын айыппұл көлемі 500 мыңнан 1,5 млн сомға дейін ұлғайды, деп хабарлайды Кабар.

Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігі жанындағы Табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану департаментінің директоры Алмаз Мұсаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай қаулы 2017 жылғы 18 тамызда қабылданған.

«Бұл қаулы қар барысын аулау мен ұстауға ғана емес, сондай-ақ оны тасымалдау мен сақтауға да қатысты», - деді ол.

Мұсаев соңғы үш жылда Қырғызстанда браконьерлікпен айналысқаны үшін 11 адам 1 жылдан 5 жылға дейін сотталған.

Айта кетейік, Бішкек қаласында 2017 жылғы 24-25 тамызда қар барысы мен оның экожүйесін сақтау жөнінде халықаралық форум өтуде. 

Соңғы жаңалықтар