Қырғыз тасымалдаушыларының заң бұзушылықтары жиіледі - ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 қаңтары мен 14 қарашасы аралығында Қазақстан аумағында Қырғызстанның 22 192 жүк көлігі тексерілді. Олардың 1376-да заң бұзушылық анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл заң бұзушылықтың саны 2016 жылдың көрсеткішінен асып түскен. Нақтырақ айтқанда, былтыр Қырғызстан тасымалдаушылары заңнаманы 1141 рет бұзған.

«Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар - тауар-көлік жүк құжатының (CMR) болмауы (516 рет), салмақ және габарит параметрлерін сақтамау (288 рет), тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы (288) және каботажды тасымал жасау (166 рет)», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның хабарлауынша, басқа заң бұзушылықтардың қатарынан жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған  қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмауы, халықаралық қатынастағы ҚР-ның автокөлікпен тасымалдау жүйесінің рұқсаттама ережелерін қолдануды бұзу, жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу жағдайларын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, қырғыз тасымалдаушылары қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және тағы басқа заң бұзушылықтарға жол беріп жатады.

Соңғы жаңалықтар