Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін қайта ұйымдастыру қажет - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін қайта ұйымдастыру қажет. Бұл туралы бүгін 4-ші түрме реформасы форумы барысында Еуропалық одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот әділдігін жетілдіру» жобасының сарапшысы Сәуле Мектепбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық-атқару жүйесінің жүйесінің стратегиялық тұрғыда қайта қарау керек. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өз санын сақтап қалғандығы қуантарлық жайт. Дегенмен, қазіргі түрме халқының саны қысқарған жағдайда ҚАЖК-нің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет шығар», - деді Мектепбаева.

Оның атап өтуінше, бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге баса назар аударған жөн.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес түрме жүйесін басқару әр уақытта да иерархиялық сызба емес. Ол түрме қызметін басқару жөніндегі ұлттық агенттік пен түрмеден тұрады. Бізге де бұл мәселені ойластыру қажет. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің тағдырын да ой елегінен өткізген жөн. Олар жалпы бізге қажет пе? Мүмкін түрмелердің жұмысын Астанадан-ақ басқаруға болар? Қазіргі уақыттағы заманауи технологиялар бұлай жасауға толықтай мүмкіндік береді. Егер біз қазіргі уақытта колония ішіндегі жұмыстарды қайта қарар болсақ, онда үлкен сараптамалар жасай аламыз және сотталушылардың радикалдануы сынды сын-қатерлерге жауап бере алар едік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар