Қылмыскерлер жалған ақшаны қалай жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қылмыскерлердің жалған ақшаны қалай жасайтынын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерден Жұманың айтуынша, жалған ақшада арнайы қорғаныс элементтері де болады. Алайда оның қолдан жасалғанын бірден анықтау қиын. «Біз кейде «су таңбасы» бар болса, дұрыс ақша деп ойлаймыз ғой. Мысалы, мен өз көзімен көрдім. 10 000 теңгелік купюраның арнайы белгісі болды. Ішінде «су таңбасы» бар, бірақ анық емес. Ал ондай ақшаның бірден жалған екенін анықтау қиын», - деді Е.Жұма Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, қылмыскерлер жалған ақшаны жасаудың сан алуан әдіс-тәсілдерін қолданады. «Мысалы, жалған купюраны толығымен принтерден шығаруы мүмкін. Болмаса, жартылай кеседі де, бір купюра жасайды. Сонда бір жартысы - дұрыс ақша, екіншісі қолдан жасалған. Екеуінің арасын әдемілеп тұрып жабыстырады да, адамға дұрыс жағымен береді. Қолға ұстағанда жалған ақша екенін білінбейді. Екі жартыны арнайы лентамен де, скотчпен де білдіртпей жабыстырады. Кей кезде ондай ақша телефон және тағы басқа қызметтерді төлегенде терминалдардан да өтіп кетеді. Сондықтан барынша абай болу қажет. Әсіресе, түнгі уақытта ақшаны тексеріп отырған жөн», - деп атап көрсетті Е.Жұма.

Айта кетейік, баспасөз мәслиxатында Ерден жалған ақшаны қай купюрамен жиі жасайтынын да айтып берді. 

Соңғы жаңалықтар