Қылмыскерлер ұрлаған ақшаға 50 мектеп салуға болатын еді - МКК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерден Жұманың айтуынша, анықталған қылмыстардың ішінде ақшаны жымқыру, салықтан жалтару, жалған шот-фактура жасау және тағы басқа заң бұзушылықтар бар.

"Осы уақытқа дейін аяқталған қылмыстық істер бойынша залалдың жалпы соммасы 106 млрд теңгені құрады. Былайша айтқанда, ол ақшаға шамамен 50 мектепті салуға болатын еді. Тергеу кезінде 50,6 млрд теңге өндірілді. Бұдан бөлек, қылмыскерлердің 27,7 млрд теңгеге бағаланған мүлкі тәркіленді. Өткен жылы залалды өндіру көрсеткіші артты. Бүгінде аталған көрсеткіш 74 процентті құрап отыр", - деді Е.Жұма бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 58 іс тергеліп, 48-і аяқталды. Сот санкциясымен 2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр 1 827 қылмыстық істің 70 проценті аяқталды.

Бүгінде жалған шот-фактураларды рәсімдеуге қатысты қылмыстық істер артып отыр. Салықтан жалтару әрекеттері де азаймай келеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар кезінде ақша жымқыру фактілері де аз болған жоқ. Осы салада 1 424 қылмыстық істің 81 проценті аяқталды.

Айта кетейік, баспасөз мәслиxатында Ерден жалған ақшаны қай купюрамен жиі жасайтынын да айтып берді. Сондай-ақ, қылмыскерлердің жалғаны ақшаны қалайша жасайтынын түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар