Күйші Секен Тұрысбеков өнерпаз жастарға бата берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі дәулескер күйші Секен Тұрысбеков Наурыз мерекесінде жас өнерпаздарға батасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы қаласында Жастар ресурстық орталығында қалалық Жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен «NAURYZDEPO» мерекесі өтті.

Салтанатты мерекеде қазақ халқының үлкенге құрмет, кішіге ізет жолымен бата беру салты көрсетілді. Батаны ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, танымал күйші Секен Тұрысбеков берді.

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Барлығы баянды байсалды болсын. Ел іргесі берік, ағайын аман, төңірек түгел болсын. Ай жылға ұласып, халқымыз Наурыздан Наурызға аман жете берсін», - деді Секен Тұрысбеков.

Мерекелік жиынға Секен Тұрысбеков өзі құрған «Ақ жауын» ансамблін ала келіп, бүгінгі жыл басын тойлауға арналған мерекеде өнер ұжымының тұсауын кестірді. Өзі де қолына домбыра алып, «Көңіл толқыны» күйін шертіп берді.

null«Ақ жауын» ансамблі алғаш рет бүгін сахнаға шықты. Ертең Жазушылар одағында өнер көрсетеді. 30 наурыз күні Жарасқан Әбдіраш ағамыздың 70 жылдығында Республика сарайында өздерін тағы да танытпақ. Ансамбльде 18 адам, әншілермен 21 адам. Құрылғанымызға міне, бір жарым айға енді толды», - деді Секен Тұрысбеков.

«Ақ жауын» ансамблінің мүшесі, домбырашы Толғанай Хасенова  өнер ұжымының ерекшелігін айтып берді.

«Ақ жауын» ансамблінің құрамында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері бар. Репертурамызда Секен ағаның күйлері бар. Мақсатымыз - жастарға күйді насихаттау. Біз орындайтын шығармалардан виоленчель, камералық дыбыстарды естуге болады. Бұл біздің ерекшелігіміз. Қазіргі уақытта репертуарымызда әр дәстүрлі мектептен 30-ға тарта шығарма бар», - деді Толғанай Хасенова.

nullСонымен қатар, бүгінгі жастарға арналған Наурыз мерекесінде оқушылардан құралып, қазіргі уақытта әлемнің бірнеше елінде үш ішекті домбыраны танытып үлгерген «Арнау» фольклорлық этнографиялық балалар ансамблі де өнер көрсетті.

«Біздің ансамбль мектеп оқушыларынан құралған. Құрылғанымзға биыл 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында Болгария, Түркия, Италия, Біріккен Араб Әмірліктерінде үш ішекті домбырамызды танытып, халықаралық байқауларда жеңімпаз атандық.  Біздің ансамбльде бір балаға бірнеше аспапта ойнауға үйретеміз. Атап айтқанда, көне аспаптарды еркін меңгергенбіз. Репертурамызда Абай, Шәкәрім, Шәкір Әбеновтің шығармалары бар. Үш ішекті домбыраны Жарқын Шәкәрім атамыз дәлелдесе, біз сахнада танытып келеміз», - дейді ансамбль жетекшісі, білім беру ісінің үздігі Нұргүл Әкімқожа.

Сондай-ақ, шарада тоғыз құмалақ пен арқан тартудан сайыс өтті. 
null 

null 

Соңғы жаңалықтар