Күйік шалған оралдық әйелді емдеуге 5 млн теңгеден астам қаржы керек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда газ жарылысынан күйік шалған әйелді емдеуге 5 млн теңгеден астам қаржы керек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Әселімнің қайнысы Ерлан Нығметовтің айтуынша, қазір Самара қаласындағы Н.Пирогов атындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың №11 күйік жарақаты бөлімшесінде жатқан жеңгесінің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. Ауруханаға барғаннан кейін дәрігерлер оны толық тексеруден өткізді. Әселімді емдеп, қалпына келтіруге бір жылдай уақыт кетеді.

Әселімнің туыстары осыған байланысты елден жәрдем сұрап отыр. Қолұшын созамын деушілер 8 707 404 12 80 және 8 775 236 92 56 телефондарына хабарласуға болады. Сондай-ақ күйеуі Руслан Нығметов арнайы есепшот ашты: Каспий голд Нигметов Руслан Мухамбетович 03.02.1978 ИИН № 780203301835 карта нөмірі kaspi gold 5169 4931 2218 1186 Qiwi + 77769030278.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні Оралға қарасты Зачаган кентінде тұрғын үйдегігаз жарылысынан 85 пайыз күйік жарақатын алған 37 жасар Ә.Нығметова облыстық клиникалық ауруханада емделгеннен кейін туыстарының шешімімен Самараға жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар