Күйеуі соққыға жыққан Маңғыстау тұрғыны жарты жылдан бері комада жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық соты ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қылмыстық істі қарады. Сотталушы  өткен жылдың жаз мезгілінде өзінің жұбайын ұрып-соғып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әйел жедел түрде аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліп, кейіннен Астана қалалық жан сақтау бөліміне ауыстырылған. Ол қазірге дейін ес-түссіз комада жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Басты сот қаралымында анықталғандай, М. жұбайы сатушы болып жұмыс жасайтын Баутино ауылындағы (Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы) дүкенге келеді. Араларында ұрыс болып, ол әйеліне бірнеше рет қол көтереді.  Денесіндегі ауыр жарақат салдарынан, есінен танып, еденге құлайды. Сотталушы өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін жасыру мақсатында дүкенде орнатылған камераның бейне түсірілімді сақтау блогын жасырып тастаған. Кейін жедел жәрдем шақырады. Барлық оқиға түсірілген бейнебақылау камерасының блогы табылмады, алайды күйеуінің айыпты екені дәлелденді.

Айта кетейік, тұтқындалушы апелляциялық шағым түсірді, іс қылмыстық сотта қаралып, үкім өзгеріссіз қалды. Сотталушы 5 жылға бас бостандығын айырылды, үкім заңды күшіне енді», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар, олар қазір жәбірленушінің әкесімен тұрып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар