Құтқарушылар жоғалған геологты тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 7 желтоқсанында сағат 02:10 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының кезекші бөліміне Шалқия кенті, Қаратау тұсында геологиялық зерттеу жұмыстары барысында белгісіз жағдайда геологтың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

1966 жылы туған Алматы қаласынының тұрғыны, «Асемтас» ЖШС-нің қызметкері, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, іздестіру жұмыстарына құтқару бөлімшелерінің, аудандық ішкі істер бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен тұрғындардан және «Асемтас» ЖШС қызметкерлерінен жасақталған жедел топ жұмылдырылды. Барлығы - 28 адам, 5 техника және 2 іздеу иттері.


Іздестірі-құтқару жұмыстары кезіңде дауыс ұлғайтқыштар қолданылды. Сонымен қатар кинологиялық иттердің көмегімен адам өміріне қауіпті аймақтар тексеріліп, іздестіру жүргізілді.

Нәтижесінде, жоғалған Б.М.Мырзақұлов 12 сағат 15 минутта Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінен 120 шақырым қашықтықтан табылды. Ол физикалық тұрғыда шаршанқы және әлсіз күйде болды. Құтқарушылардың көмегімен дымқыл киімдері ауыстырылып, Жаңақорған аудандық емханасына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар