Құтқарушылар Мяньмада құлаған ұшақ орнынан 10 адамның денесін тапты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Мяньманың әскери-теңіз кемесінің қызметкерлері Андаман теңізінен жоғалған әскери ұшақ бөлшектері мен әуе апатынан қайтыс болған 10 адамның денесін тауып алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі елдегі қарулы күштер өкіліне сілтеме жасап.

Олардың арасында төрт бала бар.

Үш адамның денесі 7 маусым күні, қалған жетеуі келесі күні табылған.

Мяньманың оңтүстігінде орналасқан Янгон гарнизондарынан әскери қызметкерлер отбасын тасымалдаушы ұшақ 7 маусым күні Андаман теңізі үстінен ұшып бара жатып радардан жоғалып кеткен.

Бортта 122 адам болған, олардың 15-і балалар. Сондай-ақ, ұшаққа 2,4 тонна жүк тиелген. Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар