Құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындықтарын тексереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-6 наурызда Өскемен қаласында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Көктем-2018»  РКШ ОЖ республикалық жедел штабына сілтеме жасап       

Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы мен жергілікті халықты құлақтандыруы тексеріліп, Азаматтық қорғаныс жүйесінің көктемдегі ТЖ қатері төнген кезде мақсатына сәйкес міндеттерді орындауы үшін жоғары дайындық режіміне ауыстыру мәселесін пысықтау көзделіп отыр.

Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (азаматтық қорғаныстың республикалық қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар), азаматтық қорғаныстың аудандық және қалалық қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінің жедел топтарын тарту жоспарланған.

5 наурызда су тасқыны қатері туындағанда басқару органдары мен азаматтық қорғаныс күштерін дайындауға шешім қабылдау және Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындауға шешім қабылдау бойынша азаматтық қорғаныстың қызметтері штабтық жұмыс жүргізетін болады.

6 наурызда барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында көктемгі ТЖ-дан сақтануға қатысты авариялық-құтқару қызметтері азаматтық қорғаныстың облыстық қызметтерімен бірлесіп арнайы- тактикалық оқу-жаттығу өткізетін болады.

Практикалық іс-қимылдарды пысықтау алдыңғы жылдары су басқан елді мекендерде өтеді. Бұл жасақтардың су алып кеткен жерлерде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізіп, жаттығуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сапалы әрекет етуді пысықтау және алдын алу шаралары тасқын судан келетін залалды төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар