Құтқарушылар Балқаш көлінде балықшылардың өмірін сақтап қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Күшті жел соғып, алты метрлік толқын ойнақшып тұрғанына қарамастан, құтқарушылар көлде адасып кеткен балықшыларды іздестіре берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ТЖД-ның кезекші бөліміне Сарышаған ауылында тұратын әйел хабарласып, 11 қарашада моторлы қайықпен балық аулауға кеткен 51 жастағы күйеуі мен 19 жастағы ұлы жағалаудан 15 шақырым жерде толқынмен жалғыз арпалысып жатқанын айтып хабарласады.

Қайықтың моторында ақау болған. «Нұсқаулық бойынша, құтқарушылардың түнде, күшті жел тұрғанда, толқын биік болғанда суға түсуіне тыйым салынады. Балықшыларды іздеуге таңертең шығуға шешім қабылданды. Сонымен қатар қызметкерлер әрең дегенде олармен байланыс орнатып, болжалды орнын анықтап алып, жарықпен сигнал беріп отыруын сұрады», - дейді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

«Түн ортасы ауған шақта құтқарушылар фонарьдың әлсіз жарығын байқап қалған соң құтқару бөлімшесінің басшысы Берік Ахметов катерді суға түсіріп, жарық көрінген тұсқа жүзуге бұйрық берді. Толқынның биіктігі алты метрге дейін жететін еді, бұл адасқандардың болжалды орнын анықтауды қиындатып жіберді. Түнгі үште балықшылар мен қайық жағалауға жеткізілді», - дейді ол.

Қарағанды облыстық ТЖД су бассейндеріне барғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды кеңес береді. Дауыл соғып тұрғанда, ақауы бар қайықтарда, сондай-ақ жеке құтқару құралдарынсыз суға түсуге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар