Құтқарушылар Астана тұрғындарын балаларды көшеге шығармауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты құтқарушылар Астана тұрғындарын балаларды көшеге шығармауға шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Астанада бүгін түнде ауа температурасы минус 35-40 градус, күндіз минус 27-32 градус болады.

Осыған байланысты құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын:

- қырағы болып, ауа райы туралы және оқу орындарындағы сабақтар ақпаратқа құлақ түре жүруге;

- ауа райына сай киінуге;

- мүмкіндігінше қала сыртына шықпауға;

- балаларды аязды күнде көшеге шығармауға;

- жылыту пештері мен электр қондырғыларын пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

- төтенше жағдай туындағанда «112» телефонына шұғыл хабар беруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар