Құтқарушылар 7 жасар баланы кір жуғыш машинадан алып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Харьков қаласында құтқарушылар кір жуғыш машинаға кіріп алып, шыға алмай қалған баланы құтқарды. Құтқару операциясы 20 минутқа созылды, деп жазды бүгін korrespondent.net.

«Володя өзінің әпкесімен жасырынбақ ойнап жүріп, кір жуғыш машинаның барабанына жасырынып қалмақ болған. Бұл оның қолынан келді, бірақ оған қайта шығу айтарлықтай қиындық тудырды»,-деп жазды сайт.

«Құтқарушылар келе сала бала мен оның анасын сабырға шақырып, бірден істі бастап кетті. Олар бала мен кір жуғыш машинаның шығатын жеріндегі ернеуін өсімдік майымен майлап тастады. Осы кезде 7 жасар Володя машинадан сырғып шықты»,-делінген Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Korrespondent.net сайтының хабарлауынша, осыған дейін Қытайдың Учжун қаласында қыз бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалған. Оған көмекке өрт сөндірушілер келген. Олар қызды құрылғыдан алып шыққан және қыз зардап шекпеген.

Соңғы жаңалықтар