Құрылысы аяқталмаған үйін арақ шығаратын құпия орынға айналдырған

None
None
АСТАНА. қАзАқпарат - Екібастұзда тәртіп сақшылары құрылысы аяқталмаған үйден алкогольдік ішімдік құйылған үш мыңға жуық шөлмек тапты. 

Оның 279 бөтелкесінде акциздік маркалар болмаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз тауар тәркіленген үй 56 жастағы тұрғынға тиесілі. Бұдан басқа, құрылыс орнынан құйғыш, майтүтік, қабықша, су қайнататын құрал табылған. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша аталған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 214-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Наурыз мерекесі қарсаңында облыс тұрғыны тізгіндеген «Фольцваген» автокөлігінен тиісті құжаттары жоқ, қолдан жасалған 200 шөлмек табылды. Сонымен қатар, «Ақжол» бақылау пунктінде  «Лада 2121» көлігімен құжаттарсыз 40 шөлмек спирт (200 литр) тасыған 53 жастағы павлодарлық ұсталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді баспасөз қызметінде.

 Айта кетейік, облыс аумағында алкогольдік өнімді сататын 106 дүкен тәулік бойы жұмыс істейді. Спирттік ішімдіктерді заңсыз саудалау бойынша 83 сатушы әкімшілік жауапкерлікке тартылған.  

Соңғы жаңалықтар