Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -19 °С
Алматы: -3 °С
USD 319.68 EUR 392.95
RUB 5.63 CNY 50.26
Жаңалықтар

Құрылыс материалдары деп этил спиртін тасығандар қолға түсті

2018 жылғы 15 ақпан 20:54 524
Бөлісіңіз:
Құрылыс материалдары деп  этил спиртін тасығандар қолға түсті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Авто тасымалдаушының жол парағында көрсетілген құрылыс заттарының орынына ірі көлемдегі этил спирті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейге заңсыз 6 тонна алкоголь өткізбек болғандар қолға түсті Ақтауда заңсыз зергерлік бұйымдар алып бара жатқан өзбекстандық ұсталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай 12 ақпан күні 10:00-де Шу қаласындағы «Жеңіс» саябағының жанында айналма жолды полицейлер «Vоlvo-FH12» жүк көлігін тоқтатады. Жүргізушінің жол парағында 16 тонна құрылыс материалы Петропавл қаласына жөнелтілген деп жазылған, бірақ жүкті қабылдап алушы заңда немесе жеке тұлғаның нақты аты-жөні көрсетілмеген. Тексеріс барысында көліктен әрқайсысы мың литрлік 20 пластик ыдысқа құйылған  ақшыл түсті сұйықтық табылған.

Бастапқы тексеріс кезінде жалпы көлемі 20 тонналық сұйықтық этил спирті екені анықталды. Оның үстіне тасымалданып бара жатқан жүктің ешқандай рұқсат құжаты болмаған.

Көлік жүргізушісі 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны. Қазір аталған фактіге байланысты сот-химиялық сарптама тағайындалып, істің мән-жайы қаралу үстінде. 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат