Құрылыс компаниясының басшысы: үйі бардың күйі бар

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Студенттер, жас мамандар, олардың отбасылары үшін қолжетімді баспананың болуы - жеке әл-ауқаттың, мансабында жетістікке ұмтылудың кепілі, деп есептейді «Корпорация Каспий строй-сервис» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Самат Мұсабаев, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда студенттер үшін жатақхана құрылысы бойынша бастамасын толықтай қолдаймын. Жастар тұрғын үй мәселесіне бас қатырмай, сапалы білім алулары керек», - деді Самат Мұсабаев.

Сондай-ақ, ол бүгінде елімізде әлемдік талаптарға сай білім беру жүйесін құра отырып, білім беру жағдайына, студенттердің тұрғылықты жерлеріне назар аудару керектігін атап өтті.

«Елбасы 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орыннан кем болмайтын студенттер жатақханасын салуды тапсырды. Мен Отанымыздың патриоты, құрылыс компаниясының иегері және басшысы ретінде осы тапсырманы толықтай қолдап, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға дайынмын. Алайда, бұл бағдарлама тек студенттерге ғана емес, сондай-ақ жас мамандарға қатысты болуы керек. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 407 мемқызметші мен 400 дәрігердің бос жұмыс орны бар», - деп атап өтті құрылыс компаниясының басшысы. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар